ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды

ҚТЖ басқарма төрағасының міндетін атқарушы тағайындалды Фото: primeminister.kz

"Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Бауыржан Орынбасаров тағайындалды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қоры мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, Бауыржан Орынбасаров 55 жаста. Қазақстанның теміржол саласындағы еңбек жолын 1994 жылы Батыс Қазақстан теміржолының Қызылорда станциясында жол бойынша кезекші болып бастаған.

1994–1996 жылдары - Алматы теміржолының Алматы-2 станциясы бойынша кезекші.

Жарнама
Жарнама

1996–1997 жылдары - Алматы-2 станциясының пойыз диспетчері.

1997 жылы - ҚТЖ жүк және коммерциялық жұмыс тасымалдау бас басқармасының жол диспетчері, аға диспетчері.

1998 жылы - ҚТЖ жүк және коммерциялық жұмыс тасымалдау бас басқармасының жетекші инженері, бас маманы.

1999 жылы - ҚТЖ өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы.

1999–2001 жылдары - ҚТЖ бас директоры бірінші орынбасарының көмекшісі, кеңесшісі.

2001–2002 жылдары - ҚТЖ тасымал процесін үйлестіру басқармасының бас инженері.

2002 жылы - "Инфрақұрылым" МШК тасымалдарды үйлестіру басқармасының бас инженері.

2002–2006 жылдары - ҚТЖ тасымал дирекциясының бас инженері.

2006–2007 жылдары - "ҚТЖ" филиалы – "Магистральдық желі дирекциясы" директорының орынбасары – бас инженері.

2007–2008 жылдары - "ҚТЖ" филиалы – "Қарағанды жол бөлімшесінің" директоры.

2008–2010 жылдары - "ҚТЖ" филиалы – "Тасымал процесі дирекциясының" атқарушы директоры, директоры.

2010 жылы - "ҚТЖ" филиалы – "Алматы жол бөлімшесінің" директоры.

2010–2012 жылдары - ҚТЖ басқарушы директоры – бас инженері.

2012–2014 жылдары - ҚТЖ пайдалану жөніндегі басқарушы директоры.

2014 жылы - "Қазтеміртранс" АҚ президентінің міндетін атқарушы.

2014–2016 жылдары - ҚТЖ вице-президенті.

2016–2017 жылдары - ҚТЖ бас инженері.

2017–2018 жылдары - ҚТЖ инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президенті.

2018–2020 жылдары - Инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директор – "ҚТЖ" филиалы – "Магистральдық желі дирекциясының" директоры.

2020–2021 жылдары - басқарма төрағасының инфрақұрылым жөніндегі орынбасары – "ҚТЖ" филиалы – "Магистральдық желі дирекциясының" директоры.

2022 жылдан бері осы уақытқа дейін ҚТЖ өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарып келген.

Бауыржан Орынбасаров мемлекеттік және салалық наградалармен, соның ішінде "Құрмет", "Парасат" ордендерімен және "Құрметті теміржолшы" белгісімен марапатталған.

Бұған дейін Талғат Алдыбергенов ҚТЖ ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама