Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жалғыз акционердің шешімімен "ҚТЖ" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновтің өкілеттігі тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Талғат Алдыбергенов ҚТЖ басшысы лауазымын 2025 жылдың шілдесінен бастап атқарды.
Еске салайық, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) басшысы Талғат Алдыбергеновтің назарын транзиттік тасымал жоспарынан қалып қою мәселесіне аударды. Премьер ұлттық компания басшысының жеке жауапкершілігі туралы ескертті.