ҚТЖ басшысы қанша жалақы алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ басшысы қанша жалақы алатынын айтты Нұрлан Сауранбаев. Фото:gov.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының (ҚТЖ) басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жалақысының мөлшерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының (ҚТЖ) басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жалақысының мөлшерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің жалақым – 1 миллион теңге. Төлемдерге келетін болсақ – бізге төленетін төлемдер (әңгіме бонустар туралы – еск.), баллдық жүйе бар, әркімде әртүрлі, қазір, өкінішке қарай, бұл соманы айта алмаймын", - деді Сауранбаев Сенат кулуарында.

Ол ҚТЖ басқарма мүшелеріне сыйлықақы берілмейтінін, жыл аяғында бонустар төленетінін айтты.

"Бұл көрсеткішті қазір айта алмаймын, бірақ оны жариялаймыз", - деп сендірді ұлттық компанияның басқарма төрағасы.

Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2021 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. 2022 жылы ол компанияның жалақы қоры 331 миллиард теңге болатынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети