"Қазақстан темір жолы" компаниясы мен Қазақстанның көлік Одағы "KAZLOGISTICS" ғаламдық форумында Қазақстанның транзиттік тасымалдау мүмкіндігін пайдаланатын әлемдегі 150 елден 10 мыңнан астам сарапшыларды қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан темір жолы" компаниясы мен Қазақстанның көлік Одағы "KAZLOGISTICS" ғаламдық форумында Қазақстанның транзиттік тасымалдау мүмкіндігін пайдаланатын әлемдегі 150 елден 10 мыңнан астам сарапшыларды қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан географиялық жағынан әлемдік негізгі нарықтардың арасында орналасқандықтан, Еуропа мен Азияның ортасындағы инфрақұрылымы дамыған көліктік-логистикалық құрлықтық транзиттік мемлекет ретінде қалыптасуға бағдар ұстанып отыр. Еуропа мен Азия елдері арасындағы сауда қатынасының қарқынды дамуы Қазақстанның діттеген мақсатына тезірек қол жеткізуіне дем береді. Осыған орай Қазақстанның іскерлік және транзиттік орталыққа айналуына "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы алдына стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға жаңа міндеттер жүктеді. Оның ішінде көліктік қызмет түрлерін бірыңғай логистикалық қызметке ықпалдастыру және ұлттық көліктік-логистикалық қызмет инфрақұрылымын жаңғырту көзделеді", - делінген таратылған хабарламада.
"Жаңа Жібек жолы: Ғаламдық бәсекелестік кезіндегі Еуразия көлік желісі" сессиясы барысында Қазақстанның көлік дәлізін дамытудың болашағы туралы шолу жасалды. Панелдік сессияға мемлекеттік органдар, темір жол әкімшіліктері, көліктік-логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар, қаржылық институттар, сондай-ақ шетелдік министрліктер мен ұйымдардан жүздеген өкілдер қатысты. Олар өз кезегінде Жаңа Жібек жолын жаңғыртудағы теңіз бен құрлық арқылы сауда жасаудың тарихи бәсекелестігі, Қытай - Еуропа бағдарындағы контейнерлік тасымалдың әлеуеті, көліктік инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттің рөлі, жүк ағындары кедергілерін еңсерудегі әлемдік тәжірибе, көліктік логистиканы жүзеге асырудағы елдердің бірлескен жобаларын жүзеге асыру шаралары туралы жайларды талқылады.
Сессияға қатысушылар Қазақстан тарабының негізгі баяндамасы, мемлекеттік органдардың өкілдерінің сөздерін тыңдап, халықаралық, шетелдік, отандық көліктік-логистикалық компаниялардың сарапшыларының пікірталасына ерік берді. Олар өз кезегінде Қазақстан Республикасында көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді. Оның ішінде Ляньюньган теңіз портының Батыс пен Шығыс арасындағы трансқұрлықтық тасымалды арттырудағы рөліне баса назар аударды. Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекеттерінің Кеден Одағы аясындағы ұсынылып отырған өндірістік көліктік логистикалық әлеуеті, шығынды барынша азайтып, кірісті молайтудағы ықпалдастық жолындағы кешенді бағдарлары жан-жақты қолдау тапты.