11 тамыз 2022 12:43

ҚТЖ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды - Антикор

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Антикор "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Антикор "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға кіріседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын хабарлады.

"Талдау барысында темір жол саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайлары зерделенеді, бұл ұлттық оператор қызметінің тиімділігіне, бұрын мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан алынған қаражаттың жұмсалуына әсер етеді", - делінген хабарламада.

Антикор мәліметінше, талдауды агенттіктің, Ұлттық компанияның, мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат және талданып отырған саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz электрон поштаға жіберуді сұраймыз.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық дерегі немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы белгілі болса, 1424 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Call-орталығына 24/7 режимінде хабарлай аласыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети