ҚТЖ мен Қазақтелеком “жұлдыздар тоғысса“ сатылуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ мен Қазақтелеком “жұлдыздар тоғысса“ сатылуы мүмкін Фото:gov.kz

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "Қазақтелеком", "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) және QazaqGaz акцияларын сату мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "Қазақтелеком", "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ) және QazaqGaz акцияларын сату мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақыповтың айтуынша, қордың бұл компаниялар капиталынан шығу мерзімдері тек нарық жағдайына байланысты болады.

"Барлығы нарықтық жағдайға байланысты. Нақты мерзімдерге қатысты айта алмаймын: бізде бекітілген жекешелендіру жоспары бар, сол жоспар аясында жұмыс істеп жатырмыз. Активті іске асыру бір жағынан күрделі іс-шара болса, екінші жағынан оны барынша тиімді бағаға сату қажет. Бұл – мемлекеттік актив, сондықтан мұнда көптеген сәттер сәйкес келуі қажет, яғни, "жұлдыздар тоғысуы" керек. Сонда ғана біз бәсекелі ортаға шығарып отырған активтер үшін оңтайлы баға болады", – деп түсіндірді "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры негізгі ұлттық компаниялар капиталына шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети