Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметіне тағайындалғаннан кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы міндетін уақытша Ерлан Қойшыбаев атқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес, басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары ҚТЖ басшысының міндетін уақытша атқарады", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
ҚТЖ-ның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл қызметті 2023 жылдан бері 39 жастағы Ерлан Қойшыбаев атқарып келеді. Ол – бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қызы Аделия Ахметованың жұбайы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!