25 шілде 2020 | 14:20

ҚТЖ-ның бұрынғы басшысы Қанат Алпысбаев жаңа лауазымға ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның алдында бұл қызметті Сәкен Сәрсенов атқарған.


Иконка комментария блок соц сети

Қанат Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның алдында бұл қызметті Сәкен Сәрсенов атқарған.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының шешімімен Қанат Қалиұлы Алпысбаев "Қазпошта" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі өкілі.

"Қазпошта" АҚ - Қазақстанның ұлттық пошта байланысының операторы.

Қанат Алпысбаев 1972 жылы 31 наурызда Атбасар қаласында (Ақмола облысы) дүниеге келген. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Кентукки университетін (АҚШ), Мәскеу халықаралық жоғары бизнес мектебін бітірген. Магистр дәрежесі бар.

Бұған дейін Қанат Алпысбаев "Самұрық-Қазына" қорының логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры болған, 2008-2018 жылдар аралығында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети