ҚТЖ-ның еншілес ұйымы монополиялық табыс үшін жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚТЖ-ның еншілес ұйымы монополиялық табыс үшін жазаланды Фото: ҚТЖ

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ еншілес ұйымына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ еншілес ұйымына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Астана бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "KTZ EXPRES" АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізді, оның барысында 2021 жылы әскери тасымалдау аясында көлік-экспедиторлық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу деректері анықталған.

Тергеп-тексеру барысында Акционерлік қоғам белгілеген экспедиторлық комиссиялардың Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау құнының 30 пайызға жетіп, рұқсат етілген нормалардан асып кеткені анықталды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотта істі қарау қорытындысы бойынша компанияға 10 114 304,84 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 853 379,7 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды (сот қаулысы заңды күшіне енді)", - делінген хабарламада.

БҚДАД тергеп-тексеруі Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети