"Қазақстан пойыз терезесінен" байқауының ұйымдастырушылары конкурсқа қатысушы бір адамның фотосуретінің жеңісінің күшін жойды. Әлеуметтік желі қолданушылары жалған суретті анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚТЖ 25 ақпаннан 15 наурызға дейін жолаушылар арасында "Қазақстан пойыз терезесінен" байқауын өткізген. Байқау шарттарына сай, саяхатшылар пойыз терезесінен бір сурет түсіруі керек болған.
Жеңімпаздардың есімі жарияланғаннан кейін екінші орын алған Азамат Ғалиолланың суретіне қатысты дау шықты, себебі байқауды ұйымдастырушылар оны салық төлеушілер арасынан таппаған. "Ол басқа елдің азаматы болуы мүмкін немесе оның есімі ойдан шығарылған болуы мүмкін", - деп болжады баспасөз қызметіндегілер. Алайда, кейін суреттің авторы табылып, оған iPhone 7 телефонын сыйға тартылған.
Алайда Желі қолданушылары фотоның жалған екенін және суреттің нағыз авторын тапқан. Оның авторы Николай Кузнецов есімді азамат болып шыққан. Бұл сурет пойыз терезесінен емес, табиғат аясында түсірілгені анықталды.
"Азамат Ғалиолланың жалған сурет беріп, екінші орынды иеленгенін қазылар алқасы қайта қарап, жеңістің күшін жойды. Алдағы уақыттарда екінші орын үшін бұрынғы конкурсанттардың жіберген суреттерінен іріктеледі", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіндегілер.
Ұйымдастырушылар жіберілген суреттердің коммерциялық бағытта қолданылмайтынын айтты. Желіде осы жағдайға байланысты әзілдер пайда бола бастады.