28 сәуір 2017 | 14:32

"ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялары тобы биыл 20 активін бәсекелес ортаға шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Алпысбаев. © "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі Қанат Алпысбаев. © "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

28 сәуірде 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес Алматыда Инвесторлар күні өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

28 сәуірде 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес Алматыда Инвесторлар күні өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшысы Қанат Алпысбаев қатысып, сөз сөйледі.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, биылғы Жолдауда бизнес ортаны барынша түбегейлі жақсарту туралы тапсырма берілді. Осы мақсатта "ҚТЖ" ҰК" АҚ компаниялар тобы бірқатар активтерді бәсекелес ортаға шығару үшін белсенді қызмет етқаруда. Бұл шаралар Компанияның стратегиялық дамуы мен жекешелендірудің мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметінің тапсырмасына орай, "ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол компаниясы көліктік-логистикалық холдингке айналды. Холдингтің алдында транзиттік әлеуетті жүзеге асыра отырып, Қазақстанның Жаңа Жібек жолы бойындағы логистикалық хабы болып қалыптасуына қызмет етуде.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, "қазіргі таңда ҚТЖ компаниялары тобында мақсатты құрылымдық топтар құрылуда. Олар бейіндік активтерді шоғырландыру мен көлік-логистикалық бизнес сегментін бір бағытқа бейімдеп, сонымен қатар бейінді емес қосымша активтерді жекешелендіру көзделеді".

Жекешелендіруге теміржол техникалары мен құрал жабдықтарын шығаратын зауыттар, жүк және жолаушылар тасымалдау сегментіндегі активтер, көлік-логистикалық терминалдар, қосалық бейінді емес активтер шығарылады.

Қ. Алпысбаевтың айтуынша, (2014-2015) жекешелендірудің бірінші кезеңінде 21 актив шығарылып, одан 42,4 миллиард теңге түсті. Компанияның көптеген еншілес кәсіпорындары бастапқы бағасынан жоғары сомаға сатылды. Бұл өз кезегінде жеке сектордың ҚТЖ активіне деген сұранысының жоғары екендігін көрсетеді.

2016 жылы 11 актив жеке секторға шығарылып, 24 млрд. теңгеге бағаланды. "Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 50% акциясы Evolution сериясындағы локомотивтердің технологиясының меншік иесі мен негізгі жабдықтар жинағын жеткізуші "General Electric" компаниясына берілді.

2017 жылы ҚТЖ компаниялары тобының 21 активі шығарылады. Олардың ішінде Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ сенімді басқаруындағы бірқатар өңірлік әуежайлар бәсекелес ортаға шығарылады.

"Біз мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына қазақстандық және шетелдік инвесторлардың белсенді қатысуын күтеміз", - дейді Қ. Алпысбаев. Бұл әрине өз кезегінде бизнес ортадағы инвестициялық ахуалдың жақсарып, елімізде орта және шағын бизнестің дамуына серпін беретіндігіне ол арқылы ІЖӨ өсетіндігіне сенім білдірді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети