31 наурыз 2017 16:39

ҚТЖ вице-президентінің міндетін атқарушы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com © facebook.com

"Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясы вице-президентінің міндетін атқарушы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан Темір жолы" ұлттық компаниясы вице-президентінің міндетін атқарушы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті Қанат Алпысбаевтың 31.03.2017 жылғы №111 бұйрығымен қаржы жөніндегі вице-президентінің міндетін атқарушы болып Жасұлан Мәдиев тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Жасұлан Хасенұлы Мәдиев 1983 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Нью-Йорк халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебін, Массачусетс технологиялық институтын, Слоун бизнес мектебін бітірген.

"Альянс банкі" АҚ, ҚР Ұлттық банкі, "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ түрлі лауазымды қызметтер атқарды.

Соңғы кездері "Ұлттық инвестициялық корпорация" aкционерлік қоғамында және ҚР премьер министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети