КТК телеарнасы Қазнетте жұлдызға айналған жамбылдық "дикторға" қызығушылық танытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасы Қазнетте жұлдызға айналған жамбылдық "дикторға" қызығушылық танытты Әлеуметтік желілердегі суреттер

КТК телеарнасы Қазнетте жұлдызға айналған жамбылдық "диктор" Жасұлан Кенжебайды жаңалықтар бөліміне тәжірибеден өтуге шақыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасы Қазнетте жұлдызға айналған жамбылдық "диктор" Жасұлан Кенжебайды жаңалықтар бөліміне тәжірибеден өтуге шақыруға дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, біз бұл роликті көрдік, шын мәнінде жігіт өте дарынды. БАҚ саласында мұндай дарындар аз. (...) Біз оған қызығушылық танытып отырмыз (Жасұлан Кенжебайға - Авт.) және оны жаңалықтар бөліміне тәжірибеден өткізуге дайынбыз. Жалпы айтқым келетіні, журналистикаға кәсіби білімі жоқ адамдар жиі келеді, яғни түрлі саладан келіп жатады, солардан жақсы маман шығып жатады. Сондықтан егер ол бізге келсе, қарастырып көреміз", - деді КТК телеарнасының бас продюсері Дәурен Меркеев.

Айта кетейік, Жасұлан Кенжебай Жамбыл облысында күзетші болып жұмыс істейді және журналист болуды армандайды. Роликтерінде ол өзін КТК тілшісі деп танытырады. Ол қазақстандық тележурналист Нартай Аралбайұлын үлгі тұтады. Айтпақшы ол қазіргі уақытта КТК-да жұмыс істемейді.   

Ол камера алдында бірінші рет өткен жылдың жазында өнер көрсете бастапты. "Досым қонаққа келіп, телефон камерасына қарап тұрып, сөйлеуімді сұрады. Әдетте мәтіндерді тез жаттап аламын, көлемді болса да. Оны бір-екі рет оқып алсам жетеді, ары қарай жалғастыра беремін. Мәтін арасында Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің қанатты сөздерін қосамын. Негізінде көбі тосыннан шығады", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети