Куәгер сотта Әблязов пен Тәтішевтің текетіресі жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер сотта Әблязов пен Тәтішевтің текетіресі жайлы айтып берді

Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істің Таразда өтіп жатқан сот тыңдауында куәгер оның Ержан Тәтішевпен өзара жанжалы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязовқа қатысты қылмыстық істің Таразда өтіп жатқан сот тыңдауында куәгер оның Ержан Тәтішевпен өзара жанжалы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Мәскеуде кездескен банкирлер жанжалдасып, келесі күні Тәтішевке оқ атылған. 

Дәл осы жағдайды және кейіннен "шыны королі" атанған Мұратхан Тоқмәдидің қаржылық қиындықта жүргенін сол кезде Әблязов ұтымды пайдаланған болуы мүмкін. Тіпті ол Тоқмәдиді "бұрынғы қылмыс әлеміндегі былықтарыңды әшкерелеймін" деп құзырлы органдарындағы таныстарын айтып қорқытқан делінеді.

Сөйтіп, оны қармаққа ілген олигарх Әблязовтің "БТА" банкінің төрағасы Ержан Тәтішевті өлтірткені де айтылды. 4 миллион долларға тапсырыс алған Тоқмәди 13 жылдан соң осы қылмысын мойындап, он жарым жылға түрмеге қамалған. Ал енді оған тапсырыс берген Әблязовтің мәселесі май-шаммен қаралып жатыр. Оның өзі сот отырысында жоқ. Бүгін бас-аяғы 4 куәгерден жауап алынды.

Келесі процестердің бірінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Нартай Дүтбаев пен киллерлік қызмет атқарған Мұратхан Тоқмәди де сотқа келеді деп күтіледі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети