Куәгерлер бүгін Ақтөбеде болып жатқан арнайы операциялар жайлы айтып берді

10 Маусым 2016, 10:52
0
Куәгерлер бүгін Ақтөбеде болып жатқан арнайы операциялар жайлы айтып берді - © instagram.com/zello.aktobe
© instagram.com/zello.aktobe

Жергілікті тұрғындар қазіргі уақытта Ақтөбеде болып жатқан арнайы операциялар жайында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жұма күні, 10 маусымда ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлағаны белгілі. "Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.

"Москва" ауданының тұрғыны Анна атыстың таңғы 5.00-де басталғанын телефон арқылы айтып берді. Айтуынша, күдіктілердің бірі өлтірілген, тағы біреуі қашып кеткен. "Таңғы уақытта атыс болды. Біреуін өлтірді, біреуі қашып кетті. Үйде отырғанбыз, арнайы жасақ жүрді, барлығын тексерді. Бір көршімізді өлтіріп кете жаздады, қақпасын атып кетті, гильзалар табылды. Дәл осында тұрамыз. Біреуі біздің бақша арқылы қашыпты. Бірақ оны көрмедік, іздерін көрдік. Көршіміз біздің үйден бір лаңкестің олардың үйіне қарай жүгіргенін, есігін жауып үлгергенін айтты. Үйде отырмыз, аудан қоршауға алынды. Қазір, құдайға шүкір, атыс аяқталды", - деді әйел.

"Диапазон" порталының мәліметінше, Алтынсарин мен Жанқожа батыр көшелерінің арасы жабылған. Бейресми мәліметтер бойынша, арнайы операция "Пантера" қару-жарақ дүкені мен "Отырар" дүкенінің маңында өтіп жатыр. Көпқабатты үйлердің тұрғындары эвакуацияланды, жеке сектордың тұрғындарын үйлеріне жібермей жатыр екен. Атыс таңғы 8.00-де соңғы рет естілген. 

Ал желі қолданушылары "Москва" ауданындағы атыс бейнеленді делінген видеоларды жариялап жатыр:


© instagram.com/zello.aktobe


© Tengrinews.kz


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай