27 маусым 2016 18:16

Қуандық Бишімбаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Қазақстаннан басқарушысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ortcom.kz © ortcom.kz

Қуандық Бишімбаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Қазақстаннан басқарушысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Пекинде Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) басқарушылар кеңесінің бірінші жыл сайынғы отырысына қатысты. Басқарушылар кеңесіне әр елден бір мүше кіреді. ҚР Президентінің Жарлығымен Қуандық Бишімбаев АИИБ-нің Қазақстаннан басқарушысы болып тағайындалды.

Отырыс барысында қатысушылар АИИБ бюджетін талқылады. Сонымен қатар, басқарушылар кеңесі төрағасын және оның орынбасарларын, кезекті отырысты өткізу күні мен орнын сайлады. Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев Қазақстан Азияда өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейту үшін қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

"АИИБ ынталандыру ролін атқарады және әлемдік экономиканың экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрылысына жаңа инвестициялар легін әкеледі" - деді министр.
Айта кетейік, АИИБ құрудың негізгі мақсаты - экономикалық дамуға, әл-ауқатты жақсартуға құруға жәрдемдесу және Азияда инфрақұрылымға басқа да өндірістік секторларға инвестициялар салу арқылы инфрақұрылымның өзара байланысын жақсарту. Айта кетейік, 57 елдің 37-і Азия елдері, 20 - өңірлік емес елдер болып табылады. 

Сонымен қатар, банк қызметінің маңызды қағидаты өңірлік және ғаламдық экономикалық дамуға жәрдем көрсетуге дайын барлық білдірген елдер үшін ашықтық болмақ. Қаржыландырудың басым бағыттары энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және тағы да басқалары болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети