Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы ақпарат "Сот кабинетінде" пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы ақпарат "Сот кабинетінде" пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша бірінші сот отырысы дүйсенбіде, 11 наурызда өтеді.

Осы аптада сот кабинетінде Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілгені туралы ақпарат пайда болды. Сондай-ақ, іс бойынша тағы бір айыпталушы бар екені атап өтілді.

Бишімбаевқа қандай айып тағылған және екінші айыпталушы кім?

Айта кетейік, 16 қаңтарда Бишімбаевқа тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети