Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова соттан ұлын ақтауды сұрады, - деп Tengrinews.kz хабарлайды тілшісі.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың анасы Альмира Нұрлыбекова соттан ұлын ақтауды сұрады, - деп Tengrinews.kz хабарлайды тілшісі.
Қуандық Бишімбаев және тағы 22 адамға қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Бұрынғы министрдің анасы ұлының кінәлі еместігін айтады.
"Ұлым кінәні басқаларға артып отыр деген адвокаттардың сөзіне қарсылығым бар. Бұған ешқандай обьективті дәлел жоқ. Ұлым жалған куәлік негізінде ұсталды. (...) Дегенмен ұлым жауапкершіліктен қашып отырған жоқ және адам таңдауда жаңылысып, солардың құрбаны болғанын түсінеді", - дейді Альмира Нұрлыбекова.
Альмира Нұрлыбекова сотта Қуандық Бишімбаевтың қоғамдық қорғаушысы ретінде қатысып отыр. Ол Бишімбаевты 12 жылға соттауды сұраған прокурорларға да қатысты өз пікірін айтты.
"Тұлғаны жою, өзгелермен салыстырғанда ұлыма сұрап отырған жазаны осылай бағалауға болады. Қылмыс үстінде ұсталған бұл істің фигуранттары үшін менің ұлыма жала жабу бостандығының құны болды деп есептеймін", - дейді Қуандық Бишімбаевтың анасы.
"Судья мырза, ана ретінде ғана емес, Қазақстан азаматы ретінде де айтқым келетіні, барынша обьектив болуды сұраймын. Бұлай сіз жалғыз ұлымның ғана емес, бүкіл отбасының, ең бастысы кәмелетке толмаған төрт баланың тағдырын шешесіз. Қуандық Бишімбаевтың анасы ретінде ұлымның бұл қылмысты жасамағанын мәлімдеймін. Сотты менің ұлымды ақтауын өтінемін", - дейді Альмира Нұрлыбекова.