Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті К. Бишимбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды", - делінген ведомствоның Tengrinews.kz редакциясына берген ресми жауабында.

Өзге мәліметтер ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети