Қуандық Бишімбаевтың әкесі университет ашқалы жатыр ма? Министрлік жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаевтың әкесі университет ашқалы жатыр ма? Министрлік жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әлеуметтік желіде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпаратқа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, Білім туралы заңға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензияланады. Бұл құзырет министрлікте.

"Айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік Bishimbayev University атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ, "е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде тиісті өтінім болмағанын хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети