Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевтың отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол YouTube арнасында айтты. Оның сөзінше, алимент үнемі кешіктіріліп төленген, ал алимент туралы келісімде қарастырылған кейбір шығын мүлдем өтелмеген.

"Былтыр демалыс үшін ешқандай ақша төленбеді. Психологтың қызметтері үшін де ақы төленбеді, бірақ біз оған бірнеше рет жүгіндік. Мен төлеген барлық соманы Ғазымжанов мырзаға жібердім (Қуандық Бишімбаевтың адвокаты - еск.), бірақ олар мұны елемеді. Денсаулық туралы айтпай-ақ қояйын, дәрігерге көрінгеніміз, дәрумендер, дәрі-дәрмектер төленбеді", - деді ол.

Ол 2020 жылы ажырасу кезінде алимент туралы келісім жасалғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев алдымен қаржылық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екеніне сендірген, бірақ кейін бұл туралы оның адвокатына үнемі еске салып отыруға тура келіпті.

"Наурызда алимент төленбеді. Азды-көпті жүйелі түрде төлемдер былтыр қараша-желтоқсанда ғана түсе бастады", - деді Назым Қахарман.

Айта кетейік, Назым Қахарман мәлімдеме жасаған видео 28 наурызда түсірілген. Пікірлерден кейін экранда мынадай хабарлама пайда болады: "30 наурызда маған Бишімбаевтар отбасының адвокаты хабарласып, олар алимент төлеуден мүлдем бас тартатынын айтты".

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети