Қуантыров тарифтердің өзгеруі туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Екібастұз бен Риддер қалаларының коммуналдық қызметтерінің тарифтерін өзгерту мәселесі келісіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Екібастұз бен Риддер қалаларының коммуналдық қызметтерінің тарифтерін өзгерту мәселесі келісіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, тарифтердің өсуі нақты монополия субъектісіне және желілердің тозуына байланысты болады. Оның айтуынша, инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту қажеттілігі көбінесе Екібастұз бен Риддерде байқалады.

"Екібастұз ЖЭО-сы өтініш берді, олар тарифті 107 пайызға көтеруді сұрады. Біз мұнымен келісе алмаймыз және бұл туралы нақты айттық. Өсім төрт есе аз болатын шығар. Біріншіден, Екібастұз ЖЭО-да, меншік иесінің өзі жауап беруі керек. Бір бөлігін бюджеттен, бір бөлігін тұрғындардан алады. Екібастұзда жүйенің әбден тозығы жеткен. Олар екі еседен аса өсім туралы айтты, бірақ біз басқа механизмдер арқылы ұстап тұрмыз. Бұған мысал – Екібастұз бен Риддер", – деді Әлібек Қуантыров.

Министрдің айтуынша, ведомства келісім берген кезде бұл қалалардың тұрғындары жаңартылған тариф бойынша шот алады. Мүмкін, бұл 2023 жылдың сәуірінде басталуы мүмкін.

"Біз мұны өте байыпты жасағымыз келеді, мысалы, жылуға қатысты 1 наурыздан немесе 1 сәуірден бастап. Наурызда ауа температурасы жоғары болады, сәйкесінше жылуды пайдалану аз болады. Осылайша, сәуірде бір ай немесе жарты ай ғана төлеп көруі үшін. Содан кейін тариф тек келесі қысқы кезеңде басталады", - деп түйіндеді сөзін министр.

Бұл ретте Қуантыров әр өңірде өсім әр түрлі – 10 немесе 25 пайыз болатынын атап өтті. Едәуір өсім Риддер мен Екібастұзда күтіледі, өйткені жүйенің ең көп тозуы байқалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer