"Құбырды ұмытып кеткен": Алматыда жаңа тасжол бұзылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құбырды ұмытып кеткен": Алматыда жаңа тасжол бұзылып жатыр Видеодан алынған

Алматыда былтыр тұрғандар шағымынан кейін жөнделген жол тағы да бұзылып жатыр. Бұл туралы Алатау ауданының тұрғындары мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда былтыр тұрғандар шағымынан кейін жөнделген жол тағы да бұзылып жатыр. Бұл туралы Алатау ауданының тұрғындары мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алатау ауданы Көкорай көшесінде тұратын тұрғындардың видеосы пайда болды. Олар жаңа тасжол жабынын бұзып жатқанына таңданады.

"Былтыр шағымдардан кейін жол жасалып, жаңа асфальт төселді. Жолдың бүгінгі жағдайы мынау. Не үшін?", - дейді видео авторы.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі "құбыр тартуды ұмытып кетіпті" дейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🅺🆁🅸🆂🅿🅸_🅰🅻🅼🅰🆃🆈 (@krispi_almaty)

Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне хабарласып, Көкорай көшесінде шынымен инженерлік желілер жүргізіліп жатқанын анықтады.

Алатау ауданының Шаңырақ-1 шағын ауданында биыл су құбыры мен кәріз жүйесі жүргізіледі. Қаланың энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеген.

"Бүгінде құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер ұйым - "Сапа Құрылыс-2007" ЖШС. Көкорай көшесінде мердігерлік ұйыммен су және кәріз құбырларының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алатау ауданы әкімінің аппараты өкілдері оқиға болған жерге барды. Мердігерлік ұйыммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2021 жылдың 30 мамырына дейін Көкорай көшесі толығымен қалпына келтіріледі. Ол туралы қосымша айтамыз. Бұл мәселе аудан әкімдігінің қатаң бақылауында", - деді Алматы әкімдігіндегілер.

Айта кетейік, қазақстандықтар жол сапасына жиі шағымданады. Алматы облысындағы Үштөбе қаласы тұрғындарының бір бөлігі 48 көшеде су құбыры төселгеннен кейін жолсыз және сусыз қалғанын айтқан еді. Олар аулаға тіпті ауыр техникамен де өту мүмкін емес дейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети