22 желтоқсан 2015 | 19:57

Құдайбергенов Ақышевтың валюта бағамына араласпау жөніндегі мәлімдемесіне сенбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Құдайбергенов. © qostanay.tv Олжас Құдайбергенов. © qostanay.tv

Бүгін, 2015 жылдың 22 желтоқсанында, Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев қызметіне келгеніне бір жарым айдай уақыт өткенде бірінші рет Алматыда тілшілер үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікірді Tengrinews.kz тілшісі Макроэкономикалық зерттеулар орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтен сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 2015 жылдың 22 желтоқсанында, Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев қызметіне келгеніне бір жарым айдай уақыт өткенде бірінші рет Алматыда тілшілер үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікірді Tengrinews.kz тілшісі Макроэкономикалық зерттеулар орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтен сұрады.

Айта кетейік, баспасөз мәслихаты 11.00-де басталды. Оған дейін теңгенің 336,66 көрсеткішіне дейін нығайғаны белгілі болды. Ал брифинг аяқталған кезде ұлттық валюта тағы да нығая түсіп, 332,67 межесіне барып жығылды.

"Бүгін мұнайдың бағасы шамамен кешегі деңгейде тұрды, ал рубль тіпті сәл-пәл әлсіреді, теңге болса ойда жоқта нығайып шыға келді, бұл логикаға сай емес. Нақтысын Ұлттық банк интервенциялар бойынша мәліметтерді күнделікті форматта жария еткенде ғана білуге болады", - деді Құдайбергенов.

Сарапшы БАҚ үшін бірінші рет өткізіліп отырған баспасөз мәслихаты жөнінде де көзқарасын айтты. "Негізінде бір ғана сөз сөйлеуінен шешім шығара қою қиын. Себебі брифинг құрғақ болып қалды. Бұл жайында сол жаққа барған тілшілер жақсырақ айтып бере алатын шығар", - деді Құдайбергенов. Айта кетейік, Ақышев болса теңге бағамының Ұлттық банктің қатысуынсыз нығайып жатқанын мәлімдеген еді. Ал өз кезегінде Құдайбергенов бұл мәлімдемемен келіспейтінін айтып отыр. "Бағам Ұлттық банктің қатысуынсыз нығайып жатыр деген нәрсе жоқ, керісінше, ол интервенциялар арқылы да, теңгенің өтімділігіне дефицит жасау арқылы да қатты әсер етеді", - деді экономист.

Ақышев осыған дейін ақша нарығында рекордтық мәнге жетіп отырған мөлшерлемелердің өсуіне қатысты жағдайға пікір білдірді. Ол мөлшерлемелердің кенет көтерілу жағдайларының құбылмалылық кезеңінде болатынын мәлімдеді. Ұлттық банк, Ақышевтің айтуына қарағанда, спекулятив позицияларды ұстанатын банктерге ақша жиі қажет болатындықтан базалық мөлшерлемеге жақын мөлшерлемелер бойынша сөзсіз ұсынатын өтімділік жөніндегі міндеттемелерді уақытша тоқтатқан. "Валюта нарығы тұрақты бола түссе артынша ақша нарығындағы мөлшерлемелер де тұрақты болады. Біз осындай жағдайды қарашада байқадық. Қарашада бағамның теңгенің долларға шаққандағы 307-308 деңгейінде тұрақтануынан кейін мөлшерлемелердің жылдық пайызы 12-ден 20-ға жетті", - деді Ақышев.

Өз кезегінде Құдайбергенов Ұлттық банктің еркін режим жағдайында өтімділікті ұсынудан бас тартуға құқының жоқ екенін, алайда мұндай мүмкіндігі белгіленген бағам жағдайында болатынын мәлімдеді. "Сондықтан, бұл дегеніңіз іс жүзінде бағамның бекітілгенін әрі кенеттен үзіліп құбылатынын мойындау немесе ақша-кредит саясатының бір-біріне қарсы келетін модельдерін қате араластыру. Қаншалықты ұзаққа созылатынын білмеймін, бірақ көп созылған сайын соншалықты банк жүйесіне залалын келтіреді. Оның үстіне бұл тәсіл валюта спекуляциясына қарсы күресте тиімсіз, бірақ оның орнына теңге өтімділігінің мол қоры бар банктерге фантастикалық табыс табуға көмектеседі", - деді экономист.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети