12 сәуір 2020 09:44

Құдайбергенов ТЖ режимі мен карантиннің ұзаруына қатысты пікір білдірді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Президенттің эконикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда ТЖ режимі мен карантиннің ұзаруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенттің эконикалық мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда ТЖ режимі мен карантиннің ұзаруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құдайбергеновтің айтуынша, ТЖ режимі мен карантинді ажырата білу керек.

Реклама
Реклама

"Төтенше жағдай режимі мемлекеттік органдардың жұмыс істеу режимінің өзгеруіне қатысты және ол режим елдің бүкіл аумағына қатысты. Көп болса 30 күнге енгізіледі, ал ұзаратын болса, көп болса тағы 30 күнге ұзарады. Әзірше, сәуір айының соңына дейін деді, әрі қарай тағы ұзартса ештеңе етпес. ТЖ режимі созылса, екінші айда да 42 500 теңге төленеді деген сөз. Тағы да өтініш берудің қажеті жоқ", - деді Президенттің кеңесшісі.

Тағы бір түсіндіргім келгені карантин режимінің белгілі бір қалаларда ғана енгізілуі.

"Карантин үш күнге немесе 30 күнге ұзаруы мүмкін. Барлығы елдегі жағдайға байланысты. Карантин Төтенше жағдай режимі аясында ғана енгізіледі. Карантиннің сәуір айының соңына дейін ұзаруына қарамастан жағдай тұрақталған қалалар ақырындап карантин ережелерін жеңілдетіп жатыр", - деді Құдайбергенов.

Еске салайық, 10 сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин режимі ұзарғаны хабарланған болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram