25 сәуір 2022 12:08

Күдебаев не үшін қызметінен кеткені белгілі болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен неге кеткені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ мәліметінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен неге кеткені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ мәліметінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Күдебаев өз өтініші бойынша қызметінен кеткен.

"Серік Күдебаев биыл 18 ақпанда Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылып, өз өтініші бойынша ішкі істер органдарынан кетті", - деді ІІМ өкілі.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Серік Күдебаев 2012-2013 жылдар аралығында Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болған. 2013 жылдың қазанында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің (қазіргі Полиция департаменті) бастығы болып тағайындалған. Осыдан кейін 2020 жылдың қаңтарында ол қайтадан Алматы облысының ПД басшысы болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram