26 қыркүйек 2019 | 09:18

Күдебаевтың ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог босатылды

Алматыда Нұрсұлтан Күдебаевтың ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ұлттық медицина қауымдастығының президенті Айжан Садықова мәлім етті. Оның бұл сөзін Алматы денсаулық сақтау басқармасы да растады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Нұрсұлтан Күдебаевтың ісі бойынша тұтқындалған анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қолхатпен бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ұлттық медицина қауымдастығының президенті Айжан Садықова мәлім етті. Оның бұл сөзін Алматы денсаулық сақтау басқармасы да растады. 

Айжан Садықова Тұңғышбаевтың 2 қыркүйектен бері абақтыда болғанын хабарлады. 

Реклама
Реклама

"Әділ әрі таза тергеу болады деп үміттенеміз", - деді ол.

Еске салайық, мұның алдында № 4 қалалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалғаны мәлім болған еді. Дәрігерлер Алматы полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы қайтыс болған соң тергеуге алынған. 

Қазақстандық дәрігерлер кәсіби міндетін дұрыс атқармады деп айыпталған оларға қолдау көрсетті.

Тезекбаевтың жары кейін Президентке ашық хат жолдаған. Дина Тезекбаеваның мәліметі бойынша, 2019 жылы шілдеде Нұрсұлтан Көдебаев жол апатына түсіп, №7 ауруханаға жеткізілген. Артынша оны №4 ауруханаға ауыстырып, ота жасаған. Кейін Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханаға жеткізіліп, сол жақта қайтыс болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы іске байланысты Нью-Йорктен тапсырма берген еді. Кеше 25 қыркүйекте бас дәрігер Қанат Тезекбаевтың қолхатпен босатылғаны хабарланған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная