22 желтоқсан 2020 16:24

Күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицей қызметінен босатылды

Фото: Іnstagram.com/shyndykz

Күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күдіктімен селфиге түскен шымкенттік полицей қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің өкілдері қызметтік тексеру нәтижелерін жариялады.

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, полицей қызметтік тәртіпті бұзған. 

"Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін офицер үшін орынсыз деп санады. Қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен босатылды", - деді полициядағылар.

Полицейдің Шымкентте әйелді зорламақ болған күдіктімен түскен селфиіне қатысты тексеріс басталды

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қалалық ПД мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен сағат 23.15-те Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.

Кейін күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Ол бұған дейін де сотталған болып шықты. Ал зардап шеккен зейнеткер ауруханаға жатудан бас тартты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram