21 желтоқсан 2020 12:13

Шымкентте үйдің кіреберісінде әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте үйдің кіреберісінде 70 жастағы әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте үйдің кіреберісінде 70 жастағы әйелді зорламақ болған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Видео мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында еліміздің үйлерінің кіреберістерінде орнатылған және полиция департаменттерінің жедел басқару орталықтарына шығарылған бейнекамералардың біріне түсіп қалған. Полиция қызметкерлері күдіктің аты-жөнін анықтау және оны ұстау бойынша бірқатар шара қабылдады. Нәтижесінде ол кеше ұсталды. Ол 1985 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты", - деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, күдіктінің әйелдің күртешесінен сегіз мың теңгеге жуық ақша ұрлап кеткені белгілі болды.

"Айып тағылғаннан кейін ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта күдікті Шымкенттің полиция департаметінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Ер адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тағайындалған сараптамалар мен тергеу шараларының нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді ведомство өкілі.

Шымкентте үй кіреберісіндегі зорлық әрекеті: зардап шеккен әйелдің жағдайы айтылды

Еске салайық, мұның алдында Шымкентте үйдің кіреберісінде зорлық әрекетін жасамақ болған ер адамның видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Қалалық ПД мәліметінше, 17 желтоқсан шамамен сағат 23.15-те Еңбекші ауданының Полиция басқармасына әйел адамға көмек қажет екені туралы хабар түскен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети