Құжаттарды өзгертудің қажеті жоқ - министр елорда атауын өзгерту туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құжаттарды өзгертудің қажеті жоқ - министр елорда атауын өзгерту туралы

Әділет министрі Қанат Мусин елорданың атын Астана деп өзгерткен жағдайда қазақстандықтар құжаттарын өзгертуге міндетті болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Қанат Мусин елорданың атын Астана деп өзгерткен жағдайда қазақстандықтар құжаттарын өзгертуге міндетті болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар министрден елорда атауы өзгерген жағдайда құжат өзгерту қажет пе деп сұрады.

"Азаматтарға құжаттарды өзгерту қажет емес. Құжатта қаланың бұрынғы атауы тұрса да жарамды болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтардың құжаттарын сол қалпында қабылдайды. Қалалық мәслихат қаланың атын өзгерту мәселесі қаралған кезде қосымша шығындар болмайтынын айтқан болатын.

Көше, маңдайшаларды өзгертуге келер болсақ... Асығыс өзгертудің қажеті болмайды. Бұл үдерістер бюджеттік қаражатқа байланысты жоспарлы түрде өтеді. Бүгінде құжат айналымы цифрлық форматта жүргізілетіндіктен қосымша шығын болмайды", - деді Қанат Мусин депутаттық сауалға жауап бере отырып.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети