31 мамыр 2022 09:47

"Құжаты жоқ". Павлодарда 64 жастағы әйел зейнетақы ала алмай жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: pavlodarnews.kz Сурет: pavlodarnews.kz

Павлодарда құжаты жоқ егде жастағы әйел ешқандай әлеуметтік төлем алмайды, оған қоса денсаулығы нашарлап барады. Еріктілер дабыл қақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.


Павлодарда құжаты жоқ егде жастағы әйел ешқандай әлеуметтік төлем алмайды, оған қоса денсаулығы нашарлап барады. Еріктілер дабыл қақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар маңында тұратын кейуананың жағдайы туралы "VITA Павлодар қаласының іздеу жүйелері" қоғамдық бірлестігінің еріктілері Instagram-парақшасында айтты.

"Былтыр Жетекші ауылының тұрғыны Слободянюк Галина Васильевнаға іздеу салынды. Содан кейін ол аман-сау табылған еді. Осы жылы бізге оның көмекке мұқтаж екені туралы сигналдар келе бастады. Оның құжаттары жоқ, ешқашан зейнетақы мен жәрдемақы алмаған", - деп хабарлады еріктілер.

Сондай-ақ, әйелдің психикалық сау емес және әрең жүретіні белгілі болды. Қазір ол ұлымен бірге тұрады. Баласы жұмыс істейді, анасына барынша қамқорлық жасайды, бірақ оның жағдайы нашарлап барады.

"Біз диагнозын білмейміз. Ұлының айтуынша, ол облыстық психикалық денсаулық орталығында жатқан, бірақ қазіргі уақытта оны барлық жерде қабылдаудан бас тартады", – дейді еріктілер. - Галинаның жағдайы нашарлай бастады, ол ұлын танудан қалды.

Еріктілер мемлекеттік органдарды жағдайға назар аударуға шақырды. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәселені бақылауға алуға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети