Көлікке таяқша лақтырған полицей өз жұмысын істей береді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Көлікке таяқша лақтырған полицей өз жұмысын істей береді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды КТК арнасы.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Орал қаласында полицейдің "ГАЗель" маркалы инкассатор көлігіне таяқша лақтырған видеосы жарияланған еді. Видеоны жүргізушілердің бірі салған. Әйел құқық қорғау органдары қызметкерінің үйіне барар жолда тоқтатып, кілтін тартып алғанына наразылық білдірген.
Батыс Қазақстан облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері осы іске қатысты қызметттік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
"Юбилейная" аялдамасының жанындағы жаяу жүргіншілер жолында жарықтандыру құрылғыларын орнату монтаждау жұмыстары жүргізілуіне байланысты, полицей жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында сол жерде тұрған. Видеоға түсірген әйел полицейдің талаптарын орындаудан бас тартқан. Алайда полицейдің де кейбір әрекеттерін ақтауға келмейді", - деді БҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Нәтижесінде, инкассаторлық автокөліктің жүргізушісіне екі айыппұл (40 мың теңге) салынды: Жол жүру ережесін бұзғаны үшін және полицейдің талабына бағынбауы. Полиция департаменті өз қызметкерінің тәртіптік этиканы бұзғанын және салқынқандылық танытпағанын айтты. Алайда ол өз жұмысын істей береді.
"Қызметкер арнайы құралды не қару пайдалануға толық құқығы болды. Әрине адамға атпайды. Бірақ бұлай болмады. Жүргізуші тоқтады, оған түсіндіру жүргізілді. Сол себепті, біз қызметкердің тарапынан инкасатор автосына қатысты ережебұзушылық көріп тұрғанымыз жоқ", - деді полиция департаменті басшысының орынбасары Серік Сүйінбаев.