Сенатор Нұржан Нұрсипатов құқық қорғау органдарындағы қос азаматтығы бар қызметкерлерді жұмыстан босату керек деп есептейді. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің қос азаматтығы анықталған жағдайда еңбек шарттарын бұзу сияқты заңнамаға түзетулер енгізу маңызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Еңбек кодексі мен "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға енгізілген түзетулер құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылмайтынын атап өтті. Олардың салалық заңдарында мұндай нормалар мүлдем жоқ.
"Біздің ойымызша, қабылданған шаралар одан әрі жүйелі және дәйекті дамытуды қажет етеді. Сонымен қатар, еліміздің құқық қорғау қызметі туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі, арнаулы мемлекеттік органдары туралы салалық заңдарда шет мемлекеттің азаматтығы қызметтен шығару үшін дербес негіз ретінде қаралмайды", - деді Нұржан Нұрсипатов.
Сенатордың айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтықтан шығу дерегі бойынша емес, олардың өздері, жұбайлары немесе жақын туыстарының осындай ниет білдірген кезден бастап өз басшылығын хабардар етуі тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!