04 желтоқсан 2014 16:31

Құлаған дуалдан зардап шеккен қыз балаға Қорғаныс министрлігі көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерилері өздерінің біркүндік жалақысын Талдықорғанда зардап шеккен оқушы қызға аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерилері өздерінің біркүндік жалақысын Талдықорғанда зардап шеккен оқушы қызға аударады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

4 желтоқсанда екінші дәрежелі банктердің бірінде есепшот ашылады, оған ҚР Қорғаныс министрлігі жасақтарды пәтерлендіру бас басқармасының, ведомстволық құрылымдардың және бөлімшелердің әскерилері өздерінің біркүндік жалақысын Талдықорғандағы әскери госпитальдің бетон дуалының құлауынан зардап шеккен 15 жастағы Мәдина Маратқызына материалдық көмек ретінде аударады. 

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі науқас айыққаннан кейін оның аяқтарын алыс-жақын шетелдерде толық протездеуге кепілдік береді", - делінген хабарламада. 

Ведомство мамандарының хабарлауынша, әскери-медициналық мамандар зардап шеккен қыз баланың емделуіне оның жарақат алған сәтінен бастап, белсене араласты: жетіспейтін дәрі-дәрмек алынды, әскери госпитальден анестезиология және жансақтау бөлімінің бастығы, медициналық қызмет капитаны Тынышбаев зардап шегушінің жанында болды. Бұған қоса, емдеуге кеңесшілер тартылды.

Төтенше оқиға екі апта бұрын болды. Қыз бала әскери госпитальдің бетон дуалының жанындағы сүрлеумен мектепке бара жатқанда екі бетон плита құлап кеткен. Мәдина Маратқызы тастың астында қалып қойды. Сегіз адам қыз баланы оның астынан он минуттан соң алып шықты. 15 жастағы қыздың аяғы кесілді.

Төтенше оқиғадан кейін дуалда "Абай болыңыз, әлсіз қоршау" деген жазу пайда болып, жөнделе бастады. Жергілікті билік жуық арада нысандағы барлық қоршауға түгендеу жүргізгелі отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети