Кулагин мемлекеттік қызметтегі ұлына қатысты ойын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Павел Кулагиннің Facebook-тегі парақшасынан алынды Фото Павел Кулагиннің Facebook-тегі парақшасынан алынды

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің ұлы Павелдің ерте басталған мансабы туралы қойылған сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің ұлы Павелдің ерте басталған мансабы туралы қойылған сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің ұлы 2013 жылы 26 жасында Астананың Алматы ауданының басшысы атанды. Кейін "А" корпусына іріктеуден өте алмай, орнынан кетті. Қазір Павел Кулагин Астананың коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарады. Журналистер "26 жас әкім болуға ерте емес пе?" деген сұрақ қойды. Ал Сергей Кулагин БАҚ өкілдеріне қарсы сұрақ қойды.

"Сіздер "сіз қанша жаста әкім болдыңыз?" деп сұраңыздар. Мен 26-27 жаста кеңшар директоры болдым, мен шошқа бағатын сауыншы әйелдің баласымын, отбасында үшеуміз, әкеміз жоқ, мен ең кенже баламын. Үшеуміз де оқыдық, шаруашылықтарды басқардық, кейін мен жылдам көтеріліп, ол кезде ағам да аудан басшысы болатын, мен облысты басқарып, ағамды жұмысынан шығардым. Сіздіңше ерте ме? Қазір талдау жасап, қарап көріңіз, 26 жастағылар жоқ па екен? Әлде Кулагинді ғана көріп қалдыңыз ба?", - деді ол.

Сондай-ақ ол журналистердің өзінен "26 жаста басшы міндетін атқара алар ма едіңдер?" деп сұрады. "Сондықтан қазір айналаға қарайтын болсақ, олар аз емес. Сонда осында отырған 26 жастағылар өздерін талантсыз немесе басқару қабілеті жоқ санай ма, мысалы біреуге редакцияны тапсырса?", - деп сұрақ қойды ол брифингте, соңынан өзі соған жауап берді: "Ерте емес. Талаптансын", - деді ол, өз ұлы туралы. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.4  course up  519.76  course up  5.47  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer