“Құлпынай квик“: Қазақстандағы мектептерде жаңа есірткі тарағаны туралы хабарлама тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Құлпынай квик“: Қазақстандағы мектептерде жаңа есірткі тарағаны туралы хабарлама тексерілді әлеуметтік желілерден

Қазақстандық мессенджерлерде мектепте және көшеде балаларға есірткі заты бар құлпынай кәмпиттері беріліп жатыр деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық мессенджерлерде мектепте және көшеде балаларға есірткі заты бар құлпынай кәмпиттері беріліп жатыр деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн", - деп хабарлады ІІМ.

Сонымен қатар, ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы ескертілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.7  course down  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети