18 маусым 2014 13:52

Құлыбаев пен Шөкеев бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзаратүсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев өзаратүсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құлыбаев мемлекеттік сатып алудың барлық жүйесі, оның ішінде, ұлттық компаниялардың Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуын ескерген жағдайдағы сатып алулары мен Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуға дайындық жаңартуды қажет етеді. "Қазір келісімнің мақсаты сатып алу процесіне қоғамдық бақылауды араластыру, сатып алулар процесін қазақстандық кәсіпкерлерге ыңғайлы ету болып отыр. Біздің кәсіпкерлерге жаңарту жүргізуге мүмкіндік берілуі керек, бұл мақсаттар үшін ұзақмерзімді келісімшарттар жүйесі қарастырылған", - деді Құлыбаев.

"Самұрық-Қазынаның" басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев қазіргі уақытта сатып алулар саласында қазақстандық үлестің артып келе жатқанын айтты. "Қазір регламент, ережелер жасауға көңіл аударылып отыр, бұл орайда біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жұмыс істеуге мүдделіміз. Қазіргі кезде қорда бизнестің трансформациясы жүріп жатыр, оның ережелерінің бірі - мемлекеттік сатып алуларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Біз қазір жеке бизнестің катализаторы болуымыз керек. Бұл ретте мемлекеттік сатып алулардан бөлек, бірнеше құрал, бағыт бар. Мысалы, инвестициялық саясат. Балқаш жылу электр орталығы бойынша ертең құрылыс жөнінде құжатқа түпкілікті қол қойылады, құрылыстың 75%-ы корей компаниясына тиесілі болады. Сатып алулар саласында біз қазақстандық үлесті белсенді түрде арттырып отырмыз, егер 2010 жылы бұл көрсеткіш 30% болса, қазір - 70%. Бізде тауарлармен байланысты мәселе бар, біздің компаниялар тауар сатып алуда биік сапаны, халықаралық стандарттарды талап етеді. Бұл кезде біз ұзақмерзімді келісімшарттарды іске қосамыз. Бұл жағынан да біз ҰКП-мен жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Шөкеев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети