Күмәнді трендтер: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күмәнді трендтер: ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады видео кадры

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі азаматтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде "хайп", лайк немесе түрлі конкурстар үшін жасалатын әрекеттер көбейіп кеткен.

"Кейбір жастар сауда орталықтарында немесе көшеде айғайлап, жартылай жалаңаш жүгіріп, жұртқа кедергі келтіріп, өздерін "шоу" етіп түсіріп жүр. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік қарастырылған. Жуырда елордада болған осындай оқиға бойынша бір адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Лайк жинау үшін жасалған мұндай әрекет батылдық та, креатив те емес. Бұл – қоғамдық тәртіпті бұзу, ар-ұятқа жат қылық", - деді ІІМ өкілі.

Полиция қоғамдық орында жасалған кез келген заңға қайшы немесе ұят әрекетке жол берілмейтінін мәлімдеді.

"Баршаға, әсіресе, жастарға айтарымыз: күмәнді трендтерге ермеңіздер. Өзіңізді де, айналадағы адамдарды да құрметтеңіздер", - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети