25 маусым 2024 | 17:42

Құмар ойындарға қатысты петиция бойынша шешім қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Туризм және спорт министрлігінің сайтында шенеуніктердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға қатысты петицияны қарау қорытындысы бойынша шешім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Туризм және спорт министрлігінің сайтында шенеуніктердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салуға қатысты петицияны қарау қорытындысы бойынша шешім жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта құмар ойындарға тәуелділікпен шын мәнінде күресу керек екені және мемлекеттік қызметкерлер үшін құмар ойындарға тыйым салуды енгізу туралы ұсыныстың орынды екені айтылған.

"Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлеріне тыйым салуды енгізу ұлттық заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлер үшін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға шектеулер енгізу туралы нормалар Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көзделген (бұдан әрі-заң жобасы)", - делінген құжатта.

Атап айтқанда, заң жобасында мынадай тармақтар көзделген:

1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 12-бабы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға тыйым салу түріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулермен толықтырылады;

2) "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 80-бабы заңнамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу түрінде қызметкерді жұмыстан босату үшін жаңа негізбен толықтырылады;

3) "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Заңның 51-бабы және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңның 26-бабы бәс тігуге қатысқаны үшін теріс себептер бойынша қызметкерді жұмыстан шығару үшін негіздемемен толықтырылады.

Тыйым нақты жеке тұлғаларға емес, азаматтардың санатына – мемлекеттік қызметшілерге қатысты белгіленген. Тиісінше, шенеунік әрқашан жұмысты жалғастыруға немесе жұмыстан шығуға және құмар ойындарды кедергісіз ойнауға таңдау жасай алады.

"Бұл шаралар мемлекеттік органдар мен әскери қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды шектеуге бағытталған. Осылайша, петицияда көтерілген ұсыныстар заң жобасында қарастырылған. Петиция Парламентте заң жобасын қарауға күшті серпін берді және онда көзделген нормаларға қоғамның сұранысын растады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети