Сейсенбі, 27 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады, негізінен жауын-шашынсыз болады. Алайда кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ құмды дауыл болуы мүмкін. Желдің күшеюі күтіледі, ауа температурасы +3-тен +30 градусқа дейін ауытқиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.
Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 м/с дейін. Температура түнде +3…+5, күндіз +19…+21.
Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +21…+23.
Шымкент – құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +15…+17, күндіз +26…+28.
Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с. Температура түнде +16…+18, күндіз +26…+28.
Ақтөбе – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +25…+27.
Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел – шығыстан, 9-14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +27…+29.
Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 6-11 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +7…+9, күндіз +22…+24.
Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, солтүстіктен, 5-10 м/с. Температура түнде +5…+7, күндіз +14…+16.
Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +21…+23.
Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +22…+24.
Қостанай – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-батыстан, түнде 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +23…+25.
Қызылорда – аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан, 15-20 м/с. Температура түнде +12…+14, күндіз +26…+28.
Павлодар – құбылмалы бұлтты, жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +2…+4, топырақ бетінде -2 градусқа дейін үсік, күндіз +10…+12.
Петропавл – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде және таңертең тұман. Жел – солтүстіктен, солтүстік-батыстан, түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Температура түнде +3…+5, күндіз +21…+23.
Семей – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +11…+13.
Талдықорған – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен найзағай. Жел – солтүстік-шығыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +20…+22.
Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – солтүстік-шығыстан, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз +25…+27.
Түркістан – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз құмды дауыл болуы мүмкін. Жел – солтүстік-шығыстан, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +17…+19, күндіз +28…+30.
Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – шығыстан, 5-10 м/с. Температура түнде +8…+10, күндіз +24…+26.
Өскемен – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр. Жел – солтүстік-батыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +4…+6, күндіз +10…+12.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!