ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 маусым 2026 15:02
Күн сайын жаңбыр: Астана мен Алматыда 26-28 маусымда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 26, 27 және 28 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 26, 27 және 28 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
26 маусымда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус жылы болады.
27 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус болады.
28 маусым құбылмалы бұлт шығады, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +31...+33 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
26 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +31...+33 градус аптап болады.
27 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні - секундтына 13 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +33...+35 градус ыстық.
28 маусымда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 5-10, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +33...+35 градус аптап болады.
Қазақстанда аномальді ыстық болады
Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері Қазақстанға солтүстік-батыс циклоны келіп, жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ пен екпінді жел болатынын хабарлаған еді. Солтүстік пен батыста температура 23–28 градусқа дейін төмендейді деп күтілсе, елдің оңтүстігі мен шығысында 40–42 градусқа дейін аптап сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу