"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыдағы 4, 5 және 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
4 сәуірде күн райы құбылмалы болады, күннің соңында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні түнде секундыне 5-10 метр, күндіз 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +17...+19 градус болады.
5 сәуірде күн райы құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундыне 9-14 метр, екпіні кей кездері 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +12...+14 градус болады.
6 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундыне 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +15...+17 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
4 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундіне 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
5 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундыне 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус болады.
6 сәуірде күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундыне 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +24...+26 градус болады.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Астана мен Алматыда күн суытатынын болжаған еді.
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Еске салсақ, бұған дейін метеорологтар алдағы үш күнде барикалық жүйелердің — циклон мен антициклондардың ауысуына байланысты Қазақстандағы жайлы ауа райы жаңбырлы күндермен алмасатынын хабарлаған болатын. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды деп болжанып отыр: 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5-6 сәуірде батысында, 5 сәуірде оңтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр күтіледі.