"Қазгидромет" синоптиктері 27–29 маусым аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
27 маусымда елордада құбылмалы бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +21…+23.
28 маусымда құбылмалы бұлттылық сақталады, кей жерлерде өткінші жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +25…+27.
29 маусымда тағы да жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с. Температура түнде +13…+15, күндіз салқындайды – +20…+22.
Алматыдағы ауа райы болжамы
27 маусымда Алматыда құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел батыстан 3–8 м/с, екпіні 14 м/с дейін жетеді. Температура түнде +17…+19, күндіз +26…+28.
28 маусымда – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Температура түнде +15…+17, күндіз ыстық – +30…+32.
29 маусымда – құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, 3–8 м/с, түнде екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +30…+32.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!