Күн ысып, дауыл соғады. Нұр-Сұлтан мен тағы алты өңірде ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күн ысып, дауыл соғады. Нұр-Сұлтан мен тағы алты өңірде ескерту жарияланды © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан мен тағы алты өңірінде - Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарында және БҚО-да ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мен тағы алты өңірінде - Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарында және БҚО-да ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 мамырда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр және 40 градус ыстық болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

31 мамырда Батыс Қазақстан облысында түнде күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр. Оралда 31 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 18 метр болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

31 мамырда күндіз Ақмола облысында және Нұр-Сұлтанда жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 85-90 пайыз.

31 мамырдан 2 маусымға дейін Қостанай облысында 35-38 градусқа дейін ыстық болады. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.

31 мамырда Қызылорда облысында қатты ыстық болады - ауа 41 градусқа дейін қызады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 95-100 пайыз.

31 мамырда Қарағанды облысында қатты ыстық болады - сынап бағанасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети