Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінің әкімшілігі қазақтың Кейкі батыры мен Кенесары ханының бассүйектерін қайтару мәселесіне орай ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінің әкімшілігі қазақтың Кейкі батыры мен Кенесары ханының бассүйектерін қайтару мәселесіне орай ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.
"Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейінде 1933 жылы тіркелген бассүйек сақталған. Бассүйектің құжатында "Череп <…> казака Кейки, уроженца Кайдаульской вол., Тургайского у., казненного в советский период. От в 1926 г." деп жазылған. Бассүйек ешқашан көрмелерге, экспозицияларға қойылмай, тек музей қорында сақталған", - делінген мәлімдемеде.
Сонымен қатар, музей Кенесары ханның бассүйегіне қатысты ешқандай мәлімет жоқ екенін хабарлады. Музей өкілдері "белгілі бір деңгейдегі құжаттардың болмауына байланысты" Кенесары ханның бассүйегіне қатысты деректер Кунсткамерада жоқ екенін мәлімдеп отыр.
Ресми мәлімдемеде музей жинақтарын Қазақстан тарапына музей әкімшілігінің құзыретіне кірмейтіні, бұл мәселені Ресей федерациясының мәдениет министрлігі шешетіні айтылған.
"Қазіргі уақытта Кунсткамераның қорында Қазақстанның этнографиясына қатысты бірнеше музей жинағы сақталған. Жинақтарды музей мамандарды зерттеп жүр. Соңғы кездері қазақстандық мамандармен бұл істе бірігіп жұмыс істеп жатырмыз", - делінген мәлімдемеде.
Фото: @nurtas84
Айта кетейік, осыған дейін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесуінде Кейкі батыр мен Кенесары ханның бассүйегін Қазақстанға қайтару туралы мәселені көтерген болатын.