Құны 6 миллиард теңгеден асатын мүлік пен пәтерлер мемлекетке қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құны 6 миллиард теңгеден асатын мүлік пен пәтерлер мемлекетке қайтарылды Көрнекі сурет/©Тұрар Қазанғапов

Биыл әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратурасына сілтеме жасап.

Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылған.

"Алматыда көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.

Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңге болатын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети