Құрамында алтыны бар 10 тонна кенді жасырын алып өтпек болғандар ұсталды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрамында алтыны бар 10 тонна кенді жасырын алып өтпек болғандар ұсталды - ҰҚК Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Еліміздің аумағынан құрамында алтыны бар 10 тонна кенді жасырын алып өтпек болғандар ұсталды. Олар кенді Ресейге өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің аумағынан құрамында алтыны бар 10 тонна кенді жасырын алып өтпек болғандар ұсталды. Олар кенді Ресейге өткізбек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 шілдеде ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті "Қайрақ" өткізу пунктінде жүк көлігін тексерген. Автокөлік Нұр-Сұлтаннан Ресейдің Челябі облысына бара жатқан.

"Тексеріс барысында көліктен құрамында алтыны бар кен анықталған. Олар 12 қапта сақталған. Жүктің жалпы салмағы 12 тонна. Құжат бойынша құрамында алтыны бар кен "кварцит" деп рәсімделген. Мамандардың пікірінше, құрамында алтыны бар 1 тонна кеннен 1 келі таза алтын алуға болады.

Ұлттық банктің мәліметінше, 1 грамм алтынның бағасы 25 213 теңге. Алдын ала мәліметке сәйкес, тәркіленген өнімнің бағасы шамамен 250 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Тәркіленген тауар процессуальды бағалау жүргізу үшін Қостанай облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жіберілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети