Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан нарығындағы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін шұжық өнімдерін нарықтан алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан нарығындағы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін шұжық өнімдерін нарықтан алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еліміздегі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау шеңберінде шұжық өнімдерінің 1241 сынамасына сараптама жүргізілді, бұл ретте 285-і техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейді.
Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының сауда объектілерінде консерванттың құрамының жоғары болуы және натрий нитритінің түсін бекіткішінің және левомицетин антибиотигінің болуы бойынша техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін шұжық өнімі анықталды.
Петропавл қаласының "Северный" супермаркетінде "Стародворские колбасы" ЖАҚ-ның ресейлік өндірісінің "Докторская" шұжығында (өндірілген күні - 2018 жылғы 14 маусым) натрий нитриті құрамының көрсеткіші - 66,6 миллиграмм, киллограммға шаққандағы мөлшер.
Қызылжар ауданының Тепличное селосындағы ЖК О.И.Белякова "Уют" дүкенінде "Омский бекон" АҚ-ның "ПОПУЛЯРНАЯ" пісірілген шұжығының (өндірілген күні – 2018 жылғы 31 мамыр) осы көрсеткіші 60,6 мг / кг. құрайтыны анықталды.
Сондай-ақ, Жамбыл ауданының Пресновка селосындағы "Сова" дүкенінде "Омский бекон" АҚ-ның мынадай өнімдерінің талаптарға сәйкес еместігі анықталды:
1. "Бутербродная" пісірілген шұжығы, B санаты (өндірілген күні - 2018 жылғы 11 маусым), натрий нитритінің құрамы - 109,8 миллиграмм;
2. "Походная" құс етінен жасалған жартылай сүрленген, екінші сұрыптағы шұжық, (өндірілген күні – 2018 жылғы 15 маусым) - 72 миллиграмм", - деп мысал келтірді ведомствода.
Анықтамаға сәйкес, "Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосымша заттардың қауіпсіздік талаптары" техникалық регламенті талаптарына сәйкес шұжық өніміндегі натрий нитратының шекті-рұқсат етілген шоғырлану деңгейі 50 миллиграмм.
Бұл ретте, жоғарыда аталған сәйкессіздіктен басқа "Омский бекон" АҚ өнімінде левомицетиннің артық мөлшері анықталды:
1. "Южная" құс етінің пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, (өндірілген күні – 2018 жылғы 13 маусым), нитриттің массалық үлесі - 109,2 миллиграмм, левомицетин - 0,05 миллиграмм.
2. "Сельская" құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығында, (2018 жылғы 13 маусым), нитрит құрамының көрсеткіші – 87,0 миллиграмм, левомицетин - 1,5 миллиграмм;
3. "Заречная" құс етінен жасалып пісірілген, екінші сұрыптағы шұжығы, нитрит құрамының көрсеткіші - 65,4 миллиграмм , левомицетин - 1,12 миллиграмм.
Анықтама: "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздік талаптары" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес шұжық өнімдеріндегі левомицетиннің шекті-рұқсат етілген шоғырлану деңгейі 0,01 миллиграмм құрайды.
Құрамындағы натрий нитриттері мен антибиотиктері, яғни левомицині жоғары тамақты қолдану кезінде адамның денсаулығының төмендеуі байқалуы мүмкін. Осылайша, нитриттер адамның қанымен араласып, нәтижесінде метемоглобин деп аталатын зат пайда болып, оттегінің алмасуы функциясын болдырмайды, ол оттегінің жетіспеушілігіне (гипоксия) алып келеді. Гипоксия кезінде әлсіздік, өзін нашар сезінуді, ұйқышылдықты, құсу, жүйке жүйесі, жүрек функциясының, бүйрек пен бауыр тіндерінің бұзылуын тудырады.
Сонымен қатар, құрамында антибиотиктердің қалдық мөлшері бар тамақ өнімдерін ұзақ пайдалану адам үшін қолайсыз салдар тудыруы мүмкін: аллергиялық реакциялардың, дисбактериоз, анафилактикалық шок, организмдегі микрофлораның антибиотикке төзімділігінің пайда болуы, соның салдарынан әртүрлі қабыну ауруларын емдеу үшін антибактериялық препараттарды таңдау қиынға соғады.
Дүкен сөрелерінен осы өнімді байқаған болсаңыз, Комитеттің мекенжайына жазбаша және 8 /7172/ 74-26-97 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Комитет сәйкес келмейтін өнімдерді алып тастау және жою бойынша шараларды жүргізуде, еліміз бойынша барлық аумақта күшейтілген зертханалық бақылау жүргізіледі, Ресей Федерациясының Тұтынушылардың құқықтарын қоғау және адамның әл-ауқатын қадағалау жөніндегі Федеральдық қызметіне , сондай-ақ өндірушілерге хабарлама жіберілді, - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.