15 қыркүйек 2017 | 12:12

Құрастырушылар латын әліпбиінің қашаннан бастап енгізілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау кеңесінің отырысында латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау кеңесінің отырысында латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР БҒМ Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбектің айтуынша, Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі мемлекеттік тілдің ортақ азаматтық тілге айналып жатқанын білдіреді.

"Болашақта - алдағы он жылда, осы тіл қоғамдық және мемлекеттік салаларда қолданылуы тиіс болады. Мұнда асығыстық жоқ, бірақ міндетті түрде барлығын түсіндіру керек. Адамдар барлығын түсінген соң ешбір эмоциясыз, байсалды түрде өздерінің ойын айтатын болады. Кейіннен сәйкесінше шешім қабылданады", - деді Ерден Қажыбек.

Сонымен қатар, ол жаңа әліпбидің қоғамда шамамен әлі он ай уақыт талқыланатынын айтып өтті.

"Осы әліпби бекітілген соң да бұл процесс жалпы асығыс жүргізілмейді. (… ) Кеше Мемлекет басшысы жаңа әліпбидің мектептерде 2022 жылдан бастап енгізіле бастайтынын айтты. Яғни, осы жобаның мақұлдануына, оған бейімделуге, әдістемелік базаны даярлауға, мындаған мұғалімді оқытауға, осы саладағы мамандарды дайындауға төрт жыл уақыт берілетінін айтты. Бұл дегеніміз жоғарыдан "Ертеңнен бастап латын әліпбиіне көшеміз" деген бұйрық келеді деген сөз емес. Біз барлығын түсініп, қабылдап, үйренуіміз керек. Сол кезде ғана бізде жаңа әліпби енгізіледі. Мен мұның барлығы тез уақыт аралығында болатынына сенімдімін", - дейді ғалым.

"Менің бірден айтып өткім келетіні: қазіргі уақытта қоғамда адамдардың барлығы нақты бір әріптерге және дыбыстарға назар аударып жатыр. Тіл маманы ретінде айтқым келетіні бұл бүгінде ең маңызды әрі ең қиын мәселе болып тұрған жоқ. Әліпбидің бекітіліп, қабылдануы - ол техникалық мәселе. Бірақ қазір неге қоғамда осыған байланысты шу шығып кетті. Себебі жаңа әліпби болады және бұл барлығы үшін күтпеген жаңалық болды", - деді тіл маманы Ерден Қажыбек.

Еске салайық, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 

Сондай-ақ, мұның алдында әліпбиді құрастырғандар онда не себепті 25 әріп қана бар екенін түсіндірген еді. "Біз белгілер мен әріптерді санамауымыз қажет. Дыбыстарды санауымыз қажет. Барлық қазақ дыбыстары бар ма? Әліппедегі 42 әріп - қолдан жасалған. Мұндай дыбыстар қазақ тілінде жоқ. Бар болғаны 28 дыбыс. Айталық, ағылшын тілінде 44 дыбыс, олар оны 26 белгі арқылы қолданады. Ал бізде керісінше, 28 дыбыс бар да, 42 әріп жасап алғанбыз. Бұл дұрыс емес", - деп пікір білдірген болатын филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов ОКҚ баспасөз мәслихатында. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети