05 маусым 2014 | 13:06

Курчатовтықтар Ресей азаматтығын алуға мәжбүр болып жүрмей ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

euromag.ru фото euromag.ru фото

Елімізде атом электр стансасын салу туралы мәселе ауық-ауық көтеріліп тұрады. Әр кездің талқысында қоғамымыздың пікірі ұдайы екіге жарылуда. Күні кешегі осыған ұқсас жоғары деңгейдегі мәлімдемеден соң да солай болды. Алайда бұл жолы сарапшылар АЭС салудағы экономикалық та, экологиялық та емес, саяси мәніне көбірек үңілуде. Мәселен, отандық мамандарды Қазақстанның қай жерінде АЭС салынатындығын РФ билігінің нұсқап, мәлімдеме жасауы таңданыс туғызған. Сонымен қатар олар атом электр нысанының энергетика тапшылығы жоқ ел өңірінен орын алуын да түсіне алмай дал болысуда. Бұл мәселеге "Алаш айнасы" тереңірек үңіліп көрді.

Иконка комментария блок соц сети

Естеріңізде болса, Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы үшін Курчатов қаласы таңдалып алынғандығы жөнінде 28 мамырда белгілі болған еді. Бұл туралы Ресей Федерациясы президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков мәлімдеген. Бұдан кейін АЭС құрылысы туралы келісімшартқа Астанада 29 мамырда қол қойылған.

Меруерт Махмұтова, экономикалық сарапшы:

– Бізде, әсіресе еліміздің шығысында атом электр стансасын салатындай аса бір қажеттілік жоқ. Мәселен, Екібастұзда екі СЭС, Бұқтырма, Үлбі СЭС-тері бар. Осы жағынан алғанда, Курчатовтағы АЭС бізден қарағанда Ресейге көбірек керек секілді. Әйтпесе Қазақстанда салынатын нысанды белгілеу туралы мәлімдемені біздің емес, Ресей билігінің жариялауын қалай түсінуге болады?..

Сондай-ақ экономист сарапшы бұл ретте Болгарияның жайын еске алады. «Кезінде Блогария ресейліктермен АЭС салудан бас тартқан болатын. Ол кезде Ресей олардан 1 млрд евро өтемақы талап еткен. Сондықтан енді бізге шегінерге жол жоқ секілді», – дейді М.Махмұтова.

Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясы тапшылығының жоқтығын ҚР ҰЯО радиациялық қауіпсіздік институтының бұрынғы директоры Лариса Птицкая да растайды. Алайда ол Қазақстанға АЭС міндетті түрде керек деген пікірде:

– АЭС салатын орында міндетті түрде электр энергиясы тапшылығы болуы керек. Бірақ ШҚО да ондай проблема жоқ. Жә, Курчатовта АЭС салдық делік. Енді оны электр энергиясына зәру елдің екінші бір шетіне – батысқа қарай тасымалдау шығынын есептеп көріңіз. Қашықтық алыс болған сайын жолда жоғалтатынымыз да көп болады. Бұл - физика заңдылығы.Сондықтан бірден АЭС-ті Ақтауда салу керек еді деп ойлаймын.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети